г. Астана, угол Абая-Жубанова, переулок Минский, д.4 г. Астана, начало ул. Дулыга, 25 (начало Кенесары)

Ермахан Ақмөлдір Сайфуллинқызы

Ермахан Ақмөлдір Сайфуллинқызы

Ермахан Ақмөлдір Сайфуллинқызы

Мен  Ермахан Ақмөлдір Сайфуллинқызы 1996 ж Түркістан Облысы Түркістан қаласында дүниеге келдім. 2002-2011жылдары Бекзат мөлтек ауданында  №18 Жұмабек Еділбаев орта мектебінде оқыдым. 2011-2015жылдары Түркістан  қаласында Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінде «Мектепке дейінгі  тәрбие» мамандығын бітіріп шықтым. 2015жылы Астана қаласындағы «Еркетай» балабақшасында тәрбиеші болып  жұмыс жасадым. 2015жылдың қараша айынан бастап Астана қаласындағы «Ақбөпе-2009» балабақшасында Монтессори педагог болып жұмыс жасай бастадым. 2015-2018жылдар аралығында Алматы қаласы Қазақ ұлттық қыздар  педагогикалық  университетінде  «мектепке дейінгі тәрбие және білім беру» мамандығын бітіріп шықтым. «Ақбөпе-2009» балабақшасындағы Монтессори  педагог қызметі өзіме қатты ұнайтын. 2017жылдың маусым айында  «Ақбөпе№2»  балабақшасында өзімнің мамандығым бойынша тәрбиші қызметіне ауыстым. Мамандығым мақтанышым демекші тәрбиеші қызметі өте қызықты, маған қатты ұнайды.2017жылы маған ересектер тобы берілді. Ұйымдастыру оқу іс әрекеті бойынша балалардың білімін нығайту. Әр балаға білім нәрін сусындату менің міндетім. Бала бойына ұқыптылық, әдептілік,мейрімділік, адамгершілік қасиеттерді сіңіру. Үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге ізет көрсете білуді, достарымен тату адал болуды, еңбекқорлыққа баулу. Балаларға жан-жақты заман талабына сай білім бердім деп сенімді түрде айта аламын. Себебі  алғаш рет балаларды мектепке аттандырсамда өзіме сенімді болдым мен тәрбиелеген  балалар  білімді оқуда озат оқушы болатына . Осы  сенімім ақталды. Мектепке кеткен балаларымның ата-аналары өз ризашылығын білдіріп. Балалар үлгілі озат оқушылар қатарында екен, деп менің еңбегімнің жемісі  екеніне алғыстарын білдірді . Олардың жақсы оқып жүргенін , оқуда озат оқушы болып  жүргенін  көру мен үшін үлкен мәртебе . Өз жұмысымды жақсы көремін әлі талай  жақсы үлгілі тәрбиелі жан-жақты заман талабына сай шәкірттер тәрбиелеп шығамын деп нық сеніммен айта аламын.