г. Астана, угол Абая-Жубанова, переулок Минский, д.4 г. Астана, начало ул. Дулыга, 25 (начало Кенесары)

Ибраймова Мақпал Әділханқызы

Ибраймова Мақпал Әділханқызы

Ибраймова Мақпал Әділханқызы

Мен, Ибраймова Мақпал Әділханқызы, 1990 жылдың 23 желтоқсанында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шаған ауылында дүниеге келдім. 1996 жылы №37 орта мектептің 1 сыныбына қабылдандым және 2007 жылы осы орта мектепті тәмәмдадым. Мектеп қабырғасында қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, мектеп мәртебесінің көтерілуіне зор үлес қостым. Атап айтсақ, түрлі білім деңгейін анықтайтын олимпиадаларға, дебаттарға және мәнерлеп өлең оқу, Абай оқулары сайыстарында, вокалдық сайыстарда өз өнерімді көрсетіп, жүлделі орындарға ие болдым.

2007 жылы өз мектебімнен қанат қағып, Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтының «Жантану және Педагогика» факультетіндегі, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының грант иегері атандым. Студенттік кезең қызығы мол, тәтті кезең емес пе?! Менің де студенттік өмірім - естен кетпес естеліктерім. Институт қабырғасында да өте белсенді болдым. 3 жыл қатарынан, «Студенттік көктем» студенттер сайысында вокал бөлімінен жүлделі орындар алдым. «Филология» факультетінің студенттері арасындағы Абай оқуларына, және ғылыми-танымдық конференцияларына қатысып, факультетімнің беделін одан әрі асқақтаттым. 2011 жылы Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтын үздік дипломмен аяқтадым.

Еңбек жолым - 2011 жылы Лисаковск қаласындағы «Мұрагер» МҚКК балабақшасынан басталды. Ұзақ жұмыс жасамасам да, өзімді жақсы жағынан көрсетіп үлгердім.

Тұлғалық, қызметтік даму мақсатында 2012 жылы Астана қаласына қоныс аударып, осы жылдың мамырында «Ақбөпе-2009» ЖШС балабақшасына тәрбиеші болып жұмысқа қабылдандым.

Тәрбиешілік-асыл мамандық емес пе?! Қызығы мен қиындығы ұштасқан бұл мамандық – менің жауапкершілігімді арттырып, балаға деген сүйіспеншілігімді одан әрі арттыруға үйретті. Менің мамандығым- менің айнам. Мен мамандығымды жақсы көремін. Қазіргі уақытта, осы балабақшаның дамуына, өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеп, оқытуда аз да болса үлесімді қосып келе жатырмын.

Қосымша біліктілігін арттыру курстарынан сертфикаттар:

  • Мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұнын тәжірибеге енгізудің заманауи әдістері;
  • Мектепке дейінгі ұйымдарда үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізу бағыттары;
  • Мектепке дейінгі білім берудің инновациялық технологиялары.