г. Нур-Султан, угол Абая-Жубанова, переулок Минский, д.4 г. Нур-Султан, начало ул. Дулыга, 25 (начало Кенесары)

Балабақшамызға 10 жыл

Балабақшамызға  10 жыл

Балабақшамызға 10 жыл 2019-10-22

Балабақшамызға  10 жыл

Халқымыз қашанда ұрпақ тәрбиесін, ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген.

Халқымыз қашанда ұрпақ тәрбиесін, ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сол үшінде бала тәрбиесіне көп көңіл бөлініп, оған тиімді әдіс-тәсілдер қолданылып, әрбір ұжымның тапқырлығы мен  іскерлігін,  ізденімпаздығы мен шығармашылдығын талап етеді.  Осындай біліктіліктің бәрін бойына жиған, біздің ұжымда 10 жыл ішінде 9 рет балалар мектепке аттанды.  Балабақшамызда балаға барлық жағдай жасалған, кіші жастан даярлық топтарға жеткенше арнайы жабдықталған топтар, монтессори жүйесімен жұмыс, әртүрлі үйірмелер бәрі бар. Қоғам үшін  әр  кезеңде  әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге  құштар болып өсуі  ең 

жоғарғы тілек, ең биік мақсат.    Балабақша — бүлдіршіндерді болашақта ата дәстүрін сақтайтын инабатты да, ибалы үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы. Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы.  Бүгінде түлектеріміздің жеткен жетістіктерін көріп қуанып отырамыз, соның ішінде   Нұрлан Іңкәр, шорт-тректен «Сахалин-2019»  универсиадасының күміс жүлдегері, Бримжанов Таир Брейкденс байқауының қалалық жүлдегері, каратеден чемпионат жүлдегері, көк белдік иесі, Садвакасова Арай, математикадан олимпида жүлдегері, шахмат мектебінің құрама қатарында, Бримжанова Мерей №81 Astana English school мектебінде оқиды, үлкен тенниспен айналысады, қалалық брейкденс байқауының жүлдегері, Айтқазин Ален «Ойдене» қоян-қолтық шайқасынан 1,2,3 деңгей иегері, оқу озаты, Логикалық математикадан  «Зерделі тұлға» олимпиадасынан Жоғары нәтижеге жеткен, Вокалдан «Magic Fly»  байқауынан І орын иегері,  Рахимов Джалиль Республикалық Физика-Математикалық мектепте оқиды, каратеден жасыл жолағы бар сары белдік иегері, Абдулова Айрин де Республикалық Физика-Математикалық мектепте оқиды тенниспен айналысады,  Кабдин Ануар кәсіпқой футболмен айналысады, Нұр-Сұлтан қаласының ДЮСШ балалар құрама командасының мүшесі, Кабдина Камила қалалық менталдық арифметиканың жеңімпазы, қалалық орыс тілі байқауының күміс жүлдегері, Ли Милена Мәнерлеп сырғанаудан ІІ орын иегері, Березовская Ирэна көркем гимнастикадан алтын алқа иегері. Осындай шәкірттер тәрбиелеп шығарғанымызға өте қуаныштымыз, әр бүлдіршін өмірден өз жолын тауып, биік белестерді бағындырып жатса нұр үстіне нұр.

Қиындығы мен қызығы қатар жүретін осынау білім жолына, Қазақстанымыздың болашағынан үлкен үміт күттірер балаларды тәрбиелеу біз үшін үлкен абырой, мықты жауапкершілік.  Мұхтар Әуезов атамыз айтып кеткендей: «Ел болам десең- бесігіңді түзе»,-дейді ендеше заманына лайықты, оқу білімге құштар жастарымыз көп болып, еліміз көркейе нұрлана берсін!!!

 

Видео