Салыхова Шолпан Жумабековна
Мен, Салыхова Шолпан Жумабековна 1992 жылы Батыс Қазақстан облысы Жыпиты ауданында дүниеге келдім. 1998-2008 жылдары Бөрлі ауданының Кеңтүбек орта мектебінде оқыдым. Мектепті бітірген соң, 2008-2012 жылдары Орал қаласындағы Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжді «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша үздік қызыл дипломмен бітіріп шықтым. 2012-2013жылдары Орал қаласындағы №15 «Ақбота» балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс жасадым. Тұрмыс құруыма байланысты 2013 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласындағы «Ақбөпе-2009» балалбақшасында тәрбиеші қызметінде жұмыс жасай бастадым. 2014-2017 жылдары Еуразия гуманитарлық институтының «Педагогика және психология» мамандығын үздік аяқтадым. «Ақбөпе-2009» балабақшасындағы тәрбиешілік қызметім өзіме қатты ұнайды. Балаларды ұйымдастырып, бағдарламалар бойынша білімдерін нығайтып, әр ертеңгілікке дайындалып, еңбегімнің нәтижесін көргенде қатты қуанамын. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай Құнанбаев айтпақшы, әр күні жаңа нәрсе үйретіп, әрдайым бос уақыттарын дұрыс ұйымдастырып, әндерін жаттатып, билерін қайталатып балалармен бірге шыңдаламыз. Балабақшамыз әрдайым біздерді біліктілікті арттыру курстарына жіберіп тұрады. Соның ішінде «Отбасылық тәрбиенің негізі», «Бала бойына толеранттықты адамгершілік қасиетпен қалыптастыру» семинарлары арқылы жаңа мәлімет алып баламен де ата-аналармен де жұмыс жүргіземіз. Әр алған біліміміз бен біліктілігімізбен бөлісіп отырамыз. Жақсы тәрбиеші болу, балалардың бәріне де білім нәрін сусындату менің мақсатым. Әр мерекеге болсын, іс-шараларға да, жаңа екпін қосып, шығармашылдығымызды, ізденімпаздығымызды дәлелдейміз. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, өмірдің қандай сәтінен болсын тайсалмай өтуді, кез келген мәселені ақылмен шешуді үйретеміз. Осы күнге шейін бірнеше топты мектепке аттандырдым, олардың жақсы оқып жүргенін, жақсы азамат болғанын көру мен үшін үлкен бақыт. Өз жұмысымды жақсы көремін, әлі талай жақсы шәкірттер тәрбиелеп шығамын деп сеніммен айта аламын.