Салыхова Гаухар Егизалиевна
Мен, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шағатай ауылында туылып өстім. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебін 2006 жылы бітіріп, Астана қаласына білімімді кәсіптік деңгейде жалғастырып, білікті маман болуға, еліміздің көркеюіне азда болса үлесімді қоссам деген мақсатпен арман қуып келдім.
Астана гуманитарлық колледжіде, «Бастауыш сыныптағы информатика мұғалімі» мамандығы бойынша 2006 – 2010жж.оқуды тәмәмдадым.
Еуразиялық гуманитарлық институтында, «педагог-психолог» мамандығын 2010 – 2013жж. алып шықтым.
2018 жылы «3-6 жастағы балаларға арналған М.Монтессори педагогикасы» 286 сағаттық куәлік алдым.
«Ақбөпе – 2009» балабақшасында 2010 жылдың қыркүйек айынан бері монтессори-педагог қызметіне тұрдым.
Қосымша біліктілігін арттыру курстарынан сертфикаттар:
- Бала тәрбиесі және Отбасы психологиясы;
- 3-6 жастағы балаларға арналған М.Монтессори педагогикасы;
- Введение в Монтессори – Педагогику;
- Дети поколений «Z» Алла Баркан;
«Бала ақ қағаз секілді» кішкентайынан не көрсе, не естісе соны істеп, соны үйренеді. Өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, еліміздің білікті, саналы, тәрбиелі, өнертапқыш, ғылымға құштар бөбектерді тәрбиелеу басты мақсатым.